Атырауда «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18–22 маусым аралығында Атырау қалалық пробация қызметі мен криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында Атырау облысы бойынша пробация есебінде тұрған 600 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар сот жүктеген міндеттер мен белгіленген шектеулердің сақталуына бақылау жасалды.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, есептегі тұлғалардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Пробация қызметі тарапынан есепте тұрған азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1244718?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version