Кеше аудан әкімі М. Мұхтаров Ақадыр кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Б. Абдулахат, сондай-ақ ауданның сала бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында кент әкімі жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі бағыттарды таныстырды.
Аудан басшысы кентте жүзеге асырылып жатқан жобалар мен атқарылған жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын тыңдады. Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, жолдардың сапасын жақсарту, абаттандыру жұмыстары және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен мәселелер назарға алынатынын атап өтіп, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу қорытындысында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1244585?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау