Ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 маусымда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Балқаш станциясында перрондық сумен жабдықтау жүйесіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Іс-шара «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімі объектісінде 2026 жылдың II тоқсанының қорытындысы шеңберінде жүзеге асырылды. Мониторинг барысында су сынамалары алынып, микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу үшін «Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Балқаш қалалық бөлімшесіне жолданды. Сонымен қатар, «Вагонсервис» АҚ қызметкерлеріне жолаушылар вагондарын сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ тағамнан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары түсіндірілді. Іс-шара соңында ақпараттық материалдар, жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245075?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version