Фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жібереді:
– өтініш пен біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысанын;
– “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттарды.
Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша бюджетке фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін 10 АЕК көлемінде лицензиялық алым төлейді.
Ұсынылатын құжаттар, жабдықтар мен жиһаздардың тізімі:
1) Заңды және жеке тұлғалар үшін – санитариялық қағидаларға сәйкес меншік немесе жалға алынған немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайдың немесе ғимараттың болуы.
2) Заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен жиһаздардың, аспаптардың болуы.
3) Жеке тұлғалар үшін – фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің штаты (еңбек өтілі кемінде үш жыл).
Дәріхана үй-жайының ауданы кемінде 30 ш. м. болуы тиіс:
– витриналар мен жұмыс орындары – кемінде 7 ш. м.;
– халыққа қызмет көрсету аймағы – кемінде 8 ш. м.;
– сақтау бөлмесі – кемінде 9 ш. м.;
– қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар (меңгеруші кабинеті, персонал бөлмесі, киім-кешек бөлмесі, тазалау жабдықтарын сақтайтын қойма, санитариялық торап) – кемінде 6 ш. м.
Барлық бөлмелер оқшауланған болуы керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244544?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау