Департамент қызметкерлерімен Семинар-кеңес.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 12 маусымдағы хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Слямхан Рауан Мұратханұлы қатысты.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау талаптары, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдық, ашықтық және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі заңдылық пен кәсібилік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1244618?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version