Фармацевтикалық қызметке лицензия алу кезінде мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес орналасқан жері бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:

 

  1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты:

1)фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия бергені үшін – 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

лицензияны қайта ресімдегені үшін – тиісті мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

 

  1. «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты:

1) денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия бергені үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – тиісті мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу көрсетілетін қызметті алушы тарапынан екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті алу үшін төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244519?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version