«Жастар есірткіге қарсы» акциясына қатыстым. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
Акция аясында жастармен құқықтық мәдениет, адам әлеуетінің құндылығы және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаудың маңыздылығы мәселелерін талқыладым. Сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға және жас азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар комиссиясының қызметі туралы айтып өттім.
Акцияның негізгі мақсаты – нашақорлық мәселесіне қоғам назарын аудару, тәуелділіктің алдын алу және жастар арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Қатысушылар үшін алғашқы медициналық тексерудің үлгілік көрсетілімі ұйымдастырылып, оның барысында мамандар денсаулық жағдайын тұрақты бақылаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді. Медициналық қызметкерлердің кеңесінен кейін жастар дене белсенділігі мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық тапсырмаларға қатысты. Мұндай бастамалар қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1244801?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау