“Ішімдіксіз ауыл” жобасы аясында түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында ауыл әкімдігі қызметкерлері жергілікті дүкен иелерімен кездесу өткізіп, алкоголь өнімдерін сату тәртібі мен заң талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды. Соның ішінде түнгі 23:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатуға заңмен белгіленген шектеулер қатаң сақталуы тиіс екені атап өтілді. Ауыл аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ішімдік өнімдерін тұтынуды азайту бағытында бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімдер айтылды. Іс-шараның мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1244998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау