Күршім ауылындағы Юрий Гагарин атындағы №1 орта мектепте Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагері Рахимов Құрмат Рахимұлына арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биыл 17 маусымда Құрмат Рахимұлы 102 жасқа толар еді. Алайда ол 2026 жылғы 9 сәуірде өмірден озды.
– Естелік тақтаның дәл осы мектепте ашылуының өзіндік мәні бар. Өйткені мұнда Құрмат Рахимұлының есімі берілген «Жас сақшы» полиция сыныбы жұмыс істейді. Оның өнегелі өмір жолы оқушылар мен болашақ құқық қорғаушылар үшін ерлік пен Отанға адал қызмет етудің, таңдаған ісіне беріктіктің жарқын үлгісі болып қала береді, – деді ШҚО Полиция департаментінде.
— Құрмат Рахимұлы секілді тұлғалар – Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның майдандағы және еңбек жолы уақыт пен жағдайға қарамастан парызға адалдық, ар-намыс пен жауапкершілік құндылықтарының ешқашан маңызын жоғалтпайтынын еске салады, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов.
ШҚО ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Удербаевтың айтуынша, Құрмат Рахимұлы «ар-намыс», «парыз» және «қызмет ету» ұғымдарын өмірлік қағидатқа айналдырған буынның өкілі болды.
Іс-шараға қатысушылар Құрмат Рахимұлының қоғамдық тәртіпті нығайтуға, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және қызметтің үздік дәстүрлерін дәріптеуге қосқан зор үлесін атап өтті.
Салтанатты рәсім соңында жиналғандар ардагердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1244347?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау