Медицина қызметкері күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарованың атынан «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Департамент басшысының орынбасары Сүлеймен Марғаждарұлы Увалиев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б. Жүсіповтің атынан “Медицина қызметкері күніне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін” Құрмет грамотасымен Департаменттің:
– Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Жомарт Полатұлы Түгелбаев;
– Медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Әсем Рүстемқызы Киякбаева марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, кәсіби табыс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1245070?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау