Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Медицина қызметкерлері күніне орай құттықтау рәсімі өтті.
Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандарға құрмет көрсетілді. Департамент басшысы Батырбек Алиев халық денсаулығын қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аурулардың алдын алу бағытындағы маңызды рөлін атап өтті.
Көп жылғы адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, өз ісіне деген жауапкершілігі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен
Сағандық Қаппасұлы Сұлтанғалиев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Бейсенова Анара Қабленқызы марапатталды.
Сондай-ақ Медицина жұмыскері күніне орай және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне қосқан жеке үлесі мен адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен Шакирова Әсия Қайратқызы, Мамугина Александра Андреевна, Беликова Елена Николаевна, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының Құрмет грамотасымен Темірболатова Сымбат Арғынқызы марапатталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1244291?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау