Медицина қызметкерлері марапатталды
Медицина қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында ауданның денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Өз қызметінде жоғары кәсібилік танытып, халық денсаулығын сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгілері мен Құрмет грамоталары, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамотасы, алғыс хаттары табысталды.
Аудан әкімі ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адам өмірі мен денсаулығын қорғаудағы жауапты еңбектеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық пен зор денсаулық тіледі.
Мереке иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1244899?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау