Нуртазина Айжан Калибекқызы, 1983 жылғы 18 маусымда туған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
Әділет органдарындағы жалпы еңбек өтілі 20 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі – 16 жыл.
Еңбек жолын 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында іс-жүргізу лауазымынан бастаған.
2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметін жалғастырып, әртүрлі лауазымдарды абыроймен атқарып келеді. Қызмет барысында, жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленді.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызметін көрсету бөлімінің бас маманы лауазымын атқарады.
Әділет органында қызмет атқарған жылдары ішінде Айжан Нуртазина өзін білікті, бастамашыл әрі жауапты маман ретінде көрсете білді.
Ол Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті қызметінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1244756?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау