Нашақорлықтың зияны туралы балалармен қалай ашық әрі қызықты сөйлесуге болады? Бұл сұрақтың жауабын Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жақсы біледі. Мұнда басты ұстаным – құрғақ дәріс емес, жанды диалог, қозғалыс пен сенімге негізделген жұмыс.
Осы бағытта «Достық» жазғы лагерінде «Нашақорлыққа жол – ЖОҚ!» ұранымен жарқын әрі мазмұнды профилактикалық акция ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар үшін көңілді әрі белсенді бағдарлама ұсынылды. Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен ашық форматта кездесу өткізіп, нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін ауыр салдарын түсіндірді. Әңгіме ресми лекция түрінде емес, нақты өмірлік мысалдар мен түсінікті тіл арқылы өрбіді. Балалар өз ойларын еркін айтып, көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауап алды.
Мұндай форматтағы кездесулер жасөспірімдер үшін тек ақпарат алу алаңы емес, сонымен қатар сенім қалыптастыратын маңызды алаңға айналуда. Полиция мен жастар арасындағы ашық диалог – қоғамдағы алдын алу жұмыстарының жаңа әрі тиімді үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1244538?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау