НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️ Ордабасы ауданында нашақорлыққа пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіруге арналған ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.
✔️ Жиын аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өтіп, оған аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Руслан Мейірбеков, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
✔️ Отырыста нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мәселелері қаралды.
✔️ Күн тәртібінде 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары мен профилактикалық жұмыстардың жай-күйі талқыланды.
✔️ Аталған мәселелер бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаев жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Ал «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Әділет Әбухайыров жастар арасында жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарының нәтижелері мен алдағы міндеттерге тоқталды.
✔️ Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Төрткүл және Қажымұхан ауылдық округтерінің әкімдері өз аумақтарында жүзеге асырылып жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы есеп ұсынды.
✔️ Жиын қорытындысында аудан әкімі нашақорлықтың алдын алу жұмыстары тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық жауапты мекемелердің бірлескен іс-қимылын талап ететінін атап өтті. Осыған орай, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, бұқаралық спорт пен мәдени іс-шараларды кеңінен ұйымдастыру, ведомствоаралық өзара байланысты нығайту және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1244554?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version