Орал қаласының әкімі Қазақстан ұлттық құрамасының және «Барыс» командасының шабуылшысы Аңсар Шайхмедденовпен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласында дүниеге келген Аңсар жас кезінен спортқа деген ерекше ынтасымен көзге түсіп, табандылық пен қажырлы еңбектің арқасында қазақстандық хоккейдің үздік ойыншыларының қатарына қосылды. Ол жасөспірімдер және жастар құрамаларында ел намысын қорғап қана қоймай, ұлттық құраманың түрлі деңгейдегі командаларына капитан болып, көшбасшылық қасиетін де дәлелдеді.

Туған жердің түлегі ретінде оның жетістіктері оралдық жастар үшін үлкен үлгі. Осындай талантты спортшылардың халықаралық ареналарда Қазақстанның көк туын желбіретіп, ел абыройын асқақтатып жүргені қуантады.

Кездесу барысында алдағы спорттық жоспарлары мен мақсаттары туралы пікір алмасып, жаңа маусымда сәттілік тіледім. Жерлесімізге зор денсаулық, толағай табыс және биік белестер тілеймін. Аңсардың алдағы уақытта да Қазақстан хоккейінің дамуына үлес қосып, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуанта беретініне сенім мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1244817?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version