Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары 97 пайызға орындалды. Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын кезекті рет қадағалады.
Жоба аясында стратегиялық нысанда заманауи күту залдары жасақталып, жаңартылған ақпараттық және навигациялық жүйелер іске қосылды. Басты міндет – жолаушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау. Бекетте 4 эскалатор, 3 жеделсаты орнатылып, конкорстық өткел салынды. Вокзалдан перронға бұрынғыдай жертөле арқылы емес, тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылды.
Вокзалға тартылған инженерлік инфрақұрылым толық жаңартылды. Жергілікті бюджет есебінен нысанға іргелес аумақтар да реттеледі. Аймақ басшысы мердігер компания мен өзге де жауапты тұлғаларға құрылыс сапасы бірінші кезектегі мәселе екенін ескертіп, ана мен балаға, мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға баса мән беруді тапсырды.
Айта кетейік, бұдан бөлек Шыңғырлау ауданында теміржол вокзалы жаңадан салынып, Бөрлі, Тасқала аудандарындағы 2 бекетті күрделі жөндеу жұмыстары аяқтала келді. Барлық құрылыс барысын облыс әкімі жеке бақылауында ұстап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1244789?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау