Қаламызда «Art Summer Aktobe» атты ашық сурет байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 маусым күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің маңындағы Есет батыр көшесінде орналасқан скверде «Art Summer Aktobe» атты ашық сурет байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы, №16 сайлау округінің депутаты Даржанова Анар Нұрлыбекқызы және Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері.

Байқауға Ақтөбе қаласының 12 мен 70 жас аралығындағы тұрғындары қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Қатысушылар туған өлкенің көркін, жаз мезгілінің әсем табиғатын және еркін тақырыптағы туындыларын қағаз бетіне түсірді.

Іс-шара қала тұрғындарының басын қосып, олардың шығармашылық қабілеттері мен суретшілік шеберліктерін танытуға мүмкіндік берді. Қатысушылар туған өлкенің көркі, жаз мезгілінің әсем табиғаты және еркін тақырыптағы туындыларын ұсынды.

Осындай шығармашылық жобалар тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға және бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1244943?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version