ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында аймақтағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа тетіктері, білім саласын цифрландыру және арнайы инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды.

Облыста «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң аясында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы күшейтілді. Өңірдегі барлық полиция бөлімінде арнайы профилактикалық кабинеттер ашылып, есепте тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеу, оларға психологиялық және құқықтық көмек көрсету шаралары қолға алынды. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау мақсатында мобильді топтар құрылып, Отбасын қолдау орталықтарымен бірлескен жұмыстар жандана түсті. Жиында бас бостандығынан айырылғандарды тұрақты жұмысқа орналастыру және жұмыс берушілерді ынталандыру тетіктерін жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстар айтылды.

Білім беру саласындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында өңірдегі оқу орындары лицензияланған күзет қызметімен, турникеттермен және дабыл түймелерімен толық қамтылды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектептер мен колледждерде жасанды интеллект негізіндегі Ai Mektep қауіпсіздік модулі енгізіліп жатыр.

Жиында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту жобасы таныстырылды. Инвестициялық жобаға сәйкес ескі нысанды заманауи тергеу изоляторы ретінде қайта құру және оның базасында абайсызда қылмыс жасағандарға арналған ең төменгі қауіпсіздік мекемесін ашу жоспарланды.

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құқық бұзушылықтың алдын алуда барлық құзырлы органдардың үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Жауапты тұлғаларға профилактикалық жұмыстарды күшейту үшін нарколог дәрігерлер мен сотталған азаматтарды жұмыспен қамту квоталарын көбейтуді жүктеді. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі істен шыққан бейнебақылау камераларын жөндеу немесе жаңа цифрлық жүйелерге алмастыру, күзет қызметінің сапасын жетілдіруді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1244795?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version