«Қазыналы Каспий» фестивалі: Жайық өзенінде кемелер шеруі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі аясында Жайық өзенінде қала сәніне көрік берер ауқымды кемелер шеруі ұйымдастырылды.
Салтанатты шеруге 50-ге жуық кеме қатысып, Алиев көпірінен бастау алған алып кемелер, Тұрғындар қалашығы көпіріне дейін жүзіп өтті.
 
Кемелер шеруі фестивальдің ең көрнекті әрі әсерлі мәдени-көпшілік іс-шараларының бірі. Шара өңірдің өзен және теңіз мәдениетін, су көлігі саласының әлеуетін және Каспий маңының бай мұрасын насихаттауға бағытталған.
Тұрғындар мен қала қонақтары өзен жағалауынан кемелердің салтанатты қозғалысын тамашалап, ерекше мерекелік атмосфераны сезіне алды.
Кемелер шеруі Атыраудың су жолдарымен тығыз байланысты тарихын дәріптеп, Жайық өзенінің өңір өміріндегі ерекше орнын айшықтады.
Өзен бойымен сап түзеген ондаған кеме қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көрініс ұсынып, фестивальдің ең әсерлі сәттерінің біріне айналды.
 
«Қазыналы Каспий» фестивалінің басты мақсаты – Каспий өңірінің балық шаруашылығы дәстүрлерін насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің туристік әлеуетін таныту», – дейді ұйымдастырушылар.
 
«Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі аясында өткен кемелер шеруі Атыраудың өзіндік келбетін айшықтап, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етері анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1245045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version