ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Casablanca Smart City 2026 форумына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марокко Корольдігінің Касабланка қаласында өткен «Casablanca Smart City 2026» 10-шы халықаралық форумына Бельгия, Ирландия, Қытай, Сингапур, АҚШ, Франция, Швейцария, Марокко және басқа да бірқатар мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысып, қалаларды дамытудың заманауи тәсілдері мен мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Пленарлық сессия барысында Ботагөз Жақселекова технологиялық даму жағдайында заңнаманы жетілдіру жөніндегі Қазақстанның тәжірибесін таныстырды.
Өз сөзінде жедел дамып келе жатқан қалаларды қолдауға бағытталған конституциялық жаңашылдықтар, дербес деректерді қорғау мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ жасанды интеллектіні құқықтық реттеудің негіздерін қалыптастыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.
Форум аясында мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіліп, олардың барысында одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде Марокко Корольдігі Әділет министрінің Қазақстанға алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысу Қазақстанның халықаралық алаңдағы тәжірибесін ілгерілетуге және технологиялық дамуды құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша кәсіби байланыстарды кеңейтуге ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1244345?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version