“Құқық кабинетінде” азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен Ұлан ауданының “Құқық кабинетінде” азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары түсіндіріліп, құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша қажетті ақпарат берілді. Сондай-ақ тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері жөнінде кеңестер ұсынылды.
Құқық кабинеті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Осыған орай, қабылдауға келген азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қажетті құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1244760?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version