Жаз мезгілінде өзен-көлдер мен су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар!
Кәмелетке толмағандарды су айдындарына жалғыз жібермеңіздер және оларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Өкінішке қарай, судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі балалардың бақылаусыз қалуынан орын алады.
Суға түсу кезінде:
Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарды таңдаңыздар;
Балаларға қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіріңіздер;
Белгіленбеген жерлерде шомылмаңыздар;
Суға секірмеңіздер және қауіпті ойындарға жол бермеңіздер;
Бір-біріңізді суға итермеңіздер.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін сақтаудың басты кепілі.
Өз өмірлеріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1244872?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау