2026 жылғы 10 маусымда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы мен Атырау обаға қарсы күрес станциясының өкілдерімен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Атырау вагон пайдалану депосы» қызметкерлері арасында семинар өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 17 ақпандағы №39-НҚ бұйрығын іске асыру және «Салауатты жұмыс орны» бастамасын енгізу шеңберінде ұйымдастырылды. Семинар барысында темекі шегудің, алкогольді шамадан тыс тұтынудың және басқа да мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу мәселелері, сондай-ақ оба, тырысқақ және туляремия сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың клиникалық белгілері, алдын алу шаралары мен вакцинацияның маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушыларға еліміздегі эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдай, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары мен таралу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, ақпараттық-түсіндіру материалдары мен жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245029?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау