2026 жылғы 16 маусымда «Салауатты жұмыс орындары» бастамасын іске асыру аясында Қызылорда учаскесінің №22 «Қызылорда–Семей» жолаушылар пойызы жолсеріктері арасында семинар өткізілді. Іс-шара барысында жұмыс орнындағы жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларының алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға темекі шегу, алкогольді тұтыну, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, артық салмақ, жоғары қан қысымы және күйзелістің денсаулыққа әсері туралы түсіндірілді. Семинарға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы қатысып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1244808?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау