2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Dosjan temir joly» АҚ Шығыс Қазақстан филиалында «Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қатысушыларға салауатты жұмыс орнының қызметкерлердің денсаулығын сақтаудағы, кәсіптік аурулардың алдын алудағы, кәсіптік тәуекелдерді төмендетудегі және қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастырудағы маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ жобаға қатысудың кәсіпорындардың тұрақты дамуына, еңбек өнімділігін арттыруға және қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді. Іс-шара соңында қатысушыларға салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245026?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау