Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі – егін шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта су арналары мен каналдардың техникалық жағдайын жақсарту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.
Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін «Р-14» каналына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Каналдың техникалық жағдайы мен жөндеу жұмыстарының сапасы зерделенді.
Қазіргі таңда «Р-14» каналының 200 метрлік бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған. Аудан басшысы«Су шаруашылығы» КММ нақты тапсырмалар жүктеді.
Аталған канал арқылы 16 шаруа қожалығының жалпы көлемі 118 гектар суармалы жері ағын сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар, су арнасы бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға да су жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1244482?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау