Түркістан қаласында өткен VIII Халық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының гір спорты бойынша құрамасы айрықша нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте құрметті 1-орынды иеленді.
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің помостында өткен тартысты бәсекеде біздің спортшылар жоғары кәсіби дайындық, темірдей төзімділік пен жеңіске деген шынайы ерік-жігер танытты. Өңір намысын абыроймен қорғаған атлеттеріміз өздерінің мықтылығын дәлелдеп, жарысты жарқын жеңіспен аяқтады.
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы облыс құрамасын осы айтулы триумфпен шын жүректен құттықтайды! Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамына толағай табыс, мықты денсаулық және алдағы республикалық пен халықаралық ареналарда жаңа биік белестерді бағындыра беруді тілейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1245014?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау