ШҚО СПОРТШЫЛАРЫ ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16–18 маусым аралығында Павлодар қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Шығыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшелері жоғары деңгейдегі дайындық пен кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Боз кілемдегі тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша біздің файтерлер келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • Күміс жүлде — Жеңісбекұлы Мамырбек (18–23 жас аралығында, 75+ кг жоғары салмақ дәрежесінде);

  • Қола жүлде — Сапарғали Салих (14–15 жас аралығында, 48 кг салмақ дәрежесінде).

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы дарынды спортшыларымызды және оларды жарысқа жоғары деңгейде дайындаған қоян-қолтық ұрыстан облыстың аға бапкері Айбек Мұратұлы Саметаевты айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды! Жас спортшыларға алдағы уақытта да шеберліктерін шыңдап, республикалық және халықаралық ареналарда жаңа биік белестерді бағындыра беруді және өңір намысын абыроймен қорғауды тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1245039?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version