ШҚО ҮСТЕЛ ТЕННИСШІЛЕРІ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ЕНШІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII республикалық халық ойындарында Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисішілері жоғары спорттық шеберлік танытып, айрықша нәтиже көрсетті.

Республиканың ең мықты ұжымдары бақ сынаған тартысты бәсекеде ШҚО құрамасы табандылық пен жоғары дайындық деңгейін байқатып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Осылайша, біздің теннисшілер халық ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын осы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Өңір намысын республикалық аренада абыроймен қорғаған теннисшілерге алдағы уақытта да кәсіби шеберліктерін шыңдап, жаңа биік белестерді бағындыра беруді және спорттық додаларда көк туымызды тұғырдан түсірмеуді тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1245019?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version