Шымкентте полиция эстафетасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» полиция эстафетасын ұйымдастырды.

Қатысушылар жүзу спорты бойынша бақ сынап, өздерінің дене дайындығы мен командалық бірлігін көрсетті. Жарыс 50 метр, 100 метр қашықтықтарға жүзу және командалық эстафета бойынша өтті.

Сайыстар достық және салауатты бәсекелестік рухында ұйымдастырылды.

Командалық эстафета қорытындысы бойынша: 1 орын – криминалдық полиция бөлімі; 2 орын – тергеу бөлімі; 3 орын – қоғамдық қауіпсіздік бөлімі иеленді.

Эстафета қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1244973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version