Шыңғырлау ауданында әдістемелік көмек көрсетіліп, жаңғыртылған мектепке мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шыңғырлау ауданында әдістемелік көмек көрсетіліп, жаңғыртылған мектепке мониторинг жүргізілді

Bitrix және Aimaq07 ақпараттық жүйелері бойынша Шыңғырлау ауданында әдістемелік көмек көрсетілді.

Кездесуге аудан әкімдігінің өкілдері мен жауапты мамандар қатысты. Іс-шара барысында жүйелерді тиімді пайдалану жолдары түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Әдістемелік көмекті БҚО жобалық кеңсесінің басшысы Сұлтанғалиев М. және жобалық басқару бөлімінің басшысы Хайруллин Б. көрсетті.

Жұмыс сапары барысында Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «1300 мектепті жаңғырту және күрделі жөндеу» жобасы аясында 2025 жылы күрделі жөндеуден өткен білім беру ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізілді.

Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданындағы Л.Қылышев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысу жұмыстары өткізілді.

Нысанның қазіргі жағдайы қаралып, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен жоба талаптарына сәйкестігі бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1244944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version