Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясында Қазақстан Республикасы Су кодексінің айналмалы және қайта сумен жабдықтау жүйелерін енгізу жөніндегі талаптарын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған «Астана Су Арнасы», «Көкшетау Су Арнасы», «Атбасар Су» және «Жақсы Су Арнасы» МКК өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өнеркәсіптік ұйымдарда, жылу өндіруші субъектілерде және автожуу қызметі кәсіпорындарында айналмалы және қайта сумен жабдықтау жүйелерін енгізу және оған көшу жоспарларын әзірлеу, екінші реттік су пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ қосылуға техникалық шарттар беру және су беру шарттарын жасасу кезінде су заңнамасының талаптарын ескеру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар екінші реттік су пайдаланушылар болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорындарды, жылу өндіруші субъектілерді және автожуу қызметі кәсіпорындарын түгендеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша су заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытындағы бірлескен жұмыстың алдағы қадамдары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1244419?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау