Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жоспарын іске асыру шеңберінде басқарма қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау