Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Кезекті рейдтік іс-шара барысында 32-шағын ауданда орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталмағаны анықталды.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпкерлік нысандарының иелері мен өкілдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою, нысан аумағын тазалау және санитарлық әрі абаттандыру талаптарына сәйкес ретке келтіру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
– Қала тазалығы мен санитарлық талаптарды сақтау – әрбір кәсіпкердің азаматтық жауапкершілігі. Сондықтан өздеріңізге тиесілі аумақтың тазалығын тұрақты бақылауда ұстап, абаттандыру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Айдын Құрметов.
Қала аумағындағы санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатындағы мониторинг және тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1244393?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау