Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің

кезекті отырысы өтті

 Бүгін, 19 маусым күні, М. Ибраевтың төрағалығымен Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары және бөлім басшылары қатысты.

Отырыс барысында аудан және ауылдық округтердің ағымдағы жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселелері, сондай-ақ Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі №361 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі қаулы жобасы қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары Д. Әбдірашитов Қоғамдық кеңес мүшелерін кейбір елді мекендердегі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты хабардар етті.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/terekta-maslihat/press/news/details/1244875?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version