Виктор Друзин Канададағы суперфиналда екінші жүлдесіне қол жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем кубогының суперфиналы өтіп жатыр.

Бүгін ерлер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан командасының спортшысы Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды. Бұл оның осы жарыстағы екінші жүлдесі. Виктор кеше техникалық бағдарламада 3-орын алған.

Еркін бағдарлама жүлдегерлері:
1. Ранджуо Томблин (Ұлыбритания) 255.9600 балл
2. Виктор Друзин (Қазақстан) 248.5525 балл
3. Филиппо Пелати (Италия) 246.2639 балл
Айта кетейік, осы маусымның шешуші жарысына 22 елден іріктелген 156 спортшы қатысып жатыр. Еліміздің намысын 14 отандасымыз қорғайды. Жарыс 21 маусымда аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1244693?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version