2026 жылғы 8 маусымда Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының Түркістан станциясындағы су құю колонкаларынан ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында ауыз су сынамалары алынып, микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жолданды. Аталған іс-шара халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және жолаушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1245036?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау