Зеренді ауданының аумағында «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зеренді ауданының прокуратурасы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясын өткізді.

Акция барысында демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптар түсіндірілді, атап айтқанда:

  • рұқсат етілмеген орындарда суға шомылуға жол берілмейтіні;
  • кәмелетке толмаған балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттігі;
  • суда төтенше жағдай орын алған кездегі алғашқы іс-қимылдар туралы.

Азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, сақтық шаралары мен судағы қауіпсіздік қағидалары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Су айдындарының маңында демалып жүрген ата-аналар мен кәмелетке толмағандармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Аудан прокуратурасы еске салады: су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау – әр азаматтың міндеті.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1244429?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version