Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті

 2026 жылғы 19 маусымда Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен қырық тоғызыншы отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті.

Сессия алдында Жаңаөзен қалалық мәслихаты аппаратының бұрынғы басшысы Ермұханов Амандық Келдібайұлына мәслихат жүйесіндегі ұзақ жылғы еңбегі мен жергілікті өкілді органның дамуына қосқан үлесі үшін Жаңаөзен қалалық мәслихаты төрағасының Алғыс хаты табысталды.

Сессия жұмысына қала әкімінің міндетін атқарушы Мұқаш Мақсат Асқарұлы, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 2026–2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтер бюджеттеріне, сондай-ақ бірқатар мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Талқылау нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1244310?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version