17.06.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Тарбағатай және Алтай аудандарының жергілікті атқарушы органдарының қызметшілерімен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын нығайту болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен жаңашылдықтары, олардың практикалық маңызы және мемлекеттік органдардың күнделікті қызметінде қолданылу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1244763?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау