📌 Алмалы ауылдық округі тұрғындарының назарына: Интернет-алаяқтардан қалай сақтану керек?
Алмалы ауылдық округінің мәдениет үйінде интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындармен маңызды кездесу өтті. Қазіргі таңда телефон және интернет арқылы халықты алдап, ақшасын қолды қылатын қылмыстардың жиілеуіне байланысты бұл жиынның маңызы өте зор болды.
Жиын барысында тұрғындарға алаяқтардың жаңа айла-амалдары мен олардан сақтану жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
❌ Алаяқтардың негізгі айлалары:
- Жалған қоңыраулар: Өздерін «банк қауіпсіздік қызметінен», «полициядан» немесе «емханаданбыз» деп таныстырып, қорқыту немесе СМС код сұрау.
- Күмәнді сілтемелер: WhatsApp, Telegram желілерінде «ұтыс ұтып алдыңыз» немесе «жәрдемақы беріледі» деп жалған сілтемелер жіберу.
- Қашықтан басқару: Телефонға банк шоттарын қолды қылатын арнайы бағдарламалар (AnyDesk, TeamViewer) орнатуды талап ету.
⚠️ Басты талап — сақтық:
- СМС-пен келген құпия кодтарды ешкімге айтпаңыз!
- Картаның артқы жағындағы 3 таңбалы кодты (CVV) мүлдем құпия ұстаңыз!
- Белгісіз сілтемелерге басып, жеке деректеріңізді (ЖСН, пароль) енгізбеңіз!
Өз қаражатыңызға сақ болыңыз! Ауылдағы жақындарыңызға, әсіресе үлкен кісілер мен зейнеткерлерге бұл туралы ескерте жүріңіз.
#Алмалы #АлмалыАуылдықОкругі #АлмалыМәдениетҮйі #интернеталаяқтық #қауіпсіздік #сақбол #қаржылықсауаттылық
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1245435?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау