БІЛІМ БИІГІН БАҒЫНДЫРҒАН ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БІЛІМ БИІГІН БАҒЫНДЫРҒАН ҮЗДІКТЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

📚 Сырым ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын белгі» және Үздік аттестат иегерлерін марапаттау салтанаты биыл да жоғары деңгейде өтті.

Шараға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов, ардагер- ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері қатысты.

🏅 Салтанатты жиында аудан әкімі түлектерді маңызды белестерімен құттықтап, олардың білім жолындағы табандылығы мен еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар, жас түлектерге алдағы өмір жолында сәттілік тілеп, ел болашағына үлес қосатын білімді де білікті азамат болуларына тілектестік білдірді.

📊 Биыл аудан бойынша 11-сыныпты 233 оқушы аяқтаса, оның ішінде:

🏅11 түлек – «Алтын белгі» иегері

📕 12 түлек – Үздік аттестат иегері атанды.

Үздік нәтижеге қол жеткізген түлектерге «Алтын белгі» төсбелгілері мен Үздік аттестаттар табысталып, олардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді. 💐

Жиын барысында ата-аналар үлкен өмірге қадам басқан түлектерге ақ жол тілеп, ардагер ұстаздар жас буынға ізгі ниеттерін арнады. Олар бұл жетістіктер ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі екенін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде түлектер де ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдіріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының еңбегін әрдайым құрметтейтіндерін жеткізді. Сондай-ақ мектеп абыройын биік ұстап, алған білімдерін ел игілігі жолында жұмсауға уәде берді.

🎉Шара соңында түлектерге ақ жол тілеп, олардың таңдаған мамандықтарының білікті иесі атанып, ел дамуына өз үлестерін қосатын азамат болып қалыптасуларына ізгі тілектер білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1245398?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version