«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Іс-шара аясында тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жданов ауылдық округінің әкімі Жапанов А.К. және учаскелік полиция инспекторының міндетін уақытша атқарушы, полиция майоры Кенжегарин Е. қатысты. Кездесу барысында тұрғындарға телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер және интернет-ресурстар арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндірілді.
Сондай-ақ тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жеке деректерді қорғауға және электрондық қызметтерді қауіпсіз пайдалануға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға сақтық шараларын сақтау, бөгде адамдарға құпия ақпаратты бермеу және күмәнді хабарламалар мен қоңыраулардың шынайылығын тексеру қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1245442?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау