Медицина қызметкері күніне орай Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы Абдрахманова Ксения Алексеевна Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Алғыс хатымен марапатталды.
Жоғары марапат адал еңбегі, жан жылуы мен мейірімділігі, жоғары жауапкершілігі және облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін табысталды.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған кәсіби қызметінде толағай табыстар, жаңа жетістіктер, зор денсаулық, отбасылық амандық және халық игілігі жолындағы еңбегіне сарқылмас күш-қуат тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1245421?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау