Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 маусымда Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізді.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жәнеашықтық пен есеп беру қағидаттарын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, кездесу шеңберінде халықты әлеуметтік қолдау шараларын, мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды қоса алғанда, әлеуметтік саланың өзекті мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1245408?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version