Жыланды ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылында 1979 жылы туған түлектердің мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына арналған мерейтойлық кездесу өтті.
Іс-шара аясында түлектер туған ауылына деген құрмет пен жанашырлықтың үлгісін көрсетіп, ауыл кіреберісіне қонақтар мен құдаларды күтіп алуға арналған арнайы орын салып берді. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, оған ауыл ақсақалдары, тұрғындар және қонақтар қатысты.
Кездесу барысында түлектер балалық шақ пен мектеп жылдарын еске алып, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың парызы екені атап өтілді.
Ауыл тұрғындары түлектердің игі бастамасына ризашылықтарын білдіріп, ел игілігі үшін атқарылған бұл жұмыстың кейінгі ұрпаққа өнеге болатынын жеткізді.
Осындай сауапты іске ұйытқы болған 1979 жылғы түлектерге зор денсаулық, отбасыларына амандық және еңбектеріне табыс тілейміз. Туған жерге деген жанашырлық пен қамқорлық әрдайым жалғасын таба берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1245386?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау