Жарқайың ауданында судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жағалау» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы шомылу маусымының белсенді фазасына байланысты су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жағалау» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.

Шараның басты мақсаты — судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және балалардың демалысын жіті бақылау.

Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері және еріктілерден құралған арнайы мобильді топтар күн сайын ресми рұқсат етілмеген шомылу орындарында рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Акция аясында демалушыларға суға шомылу ережелері туралы жадынамалар таратылып, «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған қауіпті өзен-көлдерге патрульдік бақылау күшейтілді.

Сонымен қатар, ескертулерге бағынбай, белгіленбеген жерде шомылған немесе мас күйінде суға түскен тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылуда. Мамандардың айтуынша, судағы қайғылы жағдайлардың басым бөлігі белгіленбеген жерде шомылу, өз күшін артық бағалау және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру салдарынан болады. Сондықтан құтқарушылар тек арнайы жабдықталған жағажайларға баруды, балаларды су бойында қараусыз қалдырмауды және ішімдік ішіп суға түспеуді қатаң ескертеді.

Аудан прокуратурасы және ТЖД барлық тұрғындар мен қонақтарды өзінің және жақындарының өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда бірден «112» нөміріне хабарласыңыз.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1245432?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version