🌊 ТАЗА ЖАҒАЛАУ 🌿

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шардара су қоймасы жағалауында орналасқан демалыс орындарында арнайы мобильді топтың қатысуымен кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында демалыс аймақтарының иелеріне санитарлық тазалық талаптарын сақтау, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағалау аумағын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жағалау бойында рұқсатсыз сауда-саттық жасауға жол берілмейтіні ескертіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Таза жағалау – тұрғындар мен қонақтардың жайлы әрі қауіпсіз демалысының кепілі. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірге таза жағалау қалыптастырып, Шардарамыздың көркін арттырайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247357?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version