2026 жылдың 6 маусым күні Сарыкөл ауылдық округі әкім аппаратының қолдауымен «Абай ауылдық клубы» МКҚК ұйымдастыруымен Әйтеке бидің бел баласы, ел тәуелсіздігі жолындағы ісін жалғастырушы Өтебас бидің 350 жылдық мерейтойына орай «Би елге құт» атты аудандық суретшілер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Өтебас бидің ел бірлігін сақтаудағы еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін дәріптеу, сурет өнерін дамыту, өскелең ұрпақты мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.
Өнер додасына ауданның ауылдық округтері мен білім беру ұйымдарынан келген 13 талапкер қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын суреттің мазмұны мен идеясының ашылуы, көркемдік деңгейі, орындау шеберлігі және шығармашылық ерекшеліктері бойынша бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
– Жұмаева Гүлфайруз (Қазалы аграрлы-техникалық колледжі);
– Балабаева Айда (Жанқожа батыр ауылы) марапатталды.
Байқауға қатысқан өзге талапкерлерге белсенділігі мен шығармашылық ізденістері үшін Алғыс хаттар табысталды.
Шара барысында жас суретшілер туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, ұлттық тарих пен рухани мұраға деген құрметтерін өз туындылары арқылы шебер жеткізе білді. Өтебас бидің өнегелі өмірі мен елдік жолын өнер арқылы насихаттаған байқау жас буынның шығармашылық әлеуетін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1247130?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау